Ауа райы
Астана -14 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Нұр-Сұлтанда сыни ойлау мектебі жұмысын бастады

2019 жылдың 14 қазан 2019 14:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада жастардың медиа сауаттылығын арттыруға бағытталған «True or False» жобасы басталды, соның шеңберінде сыни ойлау мектебі іске қосылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат елорда әкімдігіне сілтеме жасап.

Жоба қалалық Қоғамдық даму істері басқармасының бастамасымен жүзеге асырылуда. Қазан мен қараша айлары аралығында жастарға арналған киберқауіпсіздік, психология және коммуникация саласындағы жоғары білікті мамандар тренингтер топтамасын өткізеді.

Интернетте ұсынылған ақпаратқа сыни көзбен қарай білу адамға виртуалдық және шынайы әлемді ажыратуға көмектесіп қана қоймай, сонымен қатар ғаламторда жиі кездесетін жалған ақпаратты жүрегіне жақын қабылдамай, өз психикасын сақтауға көмектеседі.

«Жастар ақпараттың таратылу жылдамдығы және технологиялардың қарқынды дамуына дайын болуы тиіс. Тақырыптың өзектілігіне байланысты аталмыш жоба ұйымдастырылды», – деп атап өтті жобаның ұйымдастырушылары.

Жобаға қатысу өтініштері 2019 жылғы қыркүйектен бастап 3 қазанға дейін қабылданды. Нәтижесінде 300-ге жуық үміткерлер тіркелді, олардың 62-сі орта мектеп оқушысы, 167-сі студент, 57-і жас маман.

Жалпы үміткерлер арасынан 180 тыңдаушы таңдалды. Олар сыни ойлау және кибер кеңістіктегі ақпаратты талдау дағдыларын жетілдіру бойынша тренингтар топтамасына қатысуға мүмкіндік алды. Үш апта ішінде жастар киберқауіпсіздік және коммуникация саласындағы жетекші сарапшылардың курстарынан өтеді. Жоба нәтижелері бойынша қатысушылар арасында медиа сауаттылық бойынша чемпионат өткізу жоспарланған.

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Жастар,
Жоғары қарай