Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Нұр-Сұлтанда «Шығыс қырлары» фестивалі өтті

2019 жылдың 12 тамыз 2019 20:30 116

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен «Жетісу» саябағында «Шығыс қырлары» фестивалі өтті, деп хабарлайды Қазақстан халқы Ассамблеясының баспасөз қызметі.

«Этнос күніне» орай өткізілген іс-шара жыл бойы ұйымдастырылатын іс-шаралардың топтамасы. Бірнеше жыл қатарынан өткізіліп келе жатқан дәстүрлі фестиваль елордада тұратын этностардың салт-дәстүрі мен мәдениетін дәріптеуге, этномәдени бірлестіктердің жетістіктерін көрсетуге негізделген.




Шығыстың сан қырлы мәдениеті мен көз қызықтыратын сұлулығын, кавказдықтардың айбындылығын, еуропаның талғампаздығын, славяндардың думанын аталмыш фестивальде корей, башқұрт, татар, ұйғыр, өзбек, қырғыз, күрд, дүңген және қарақалпақ этномәдени орталықтары көрсетті.




Қазақстан – көпұлтты мемлекет. Елімізде тұрып жатқан барлық халықтар тең құқылы және әр этностың тілін, ділін, дінін, тарихы мен мәдениетін ұмытпай, оны сақтап, көбейтуге жағдай жасалған.




Қазақстан қоғамдық келісім және жалпұлттық бірліктің әлемдегі теңдесі жоқ үлгісін қалыптастыра білді. Мемлекетімізде өмір сүріп жатқан халықтар арасында жылы қарым-қатынас орнаған, өзара түсіністік нығайған, бір-бірімен сыйластықта және мәдениеті біте қайнасқан.

Көрермендер фестивальде театрландырылған қойылымдар, фольклорлық және ұлттық ұжымдар өнерін, сонымен қатар ұлттық әндер мен билерді тамашалады.




Фестиваль Корей этномәдени орталығы ұжымының концерттік бағдарламасымен басталды.























Жоғары қарай