Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 384.87
EUR 432.52
RUB 6.11
CNY 55.95

Нұр-Сұлтанда Instagram арқылы «косметика сатқан» алаяқ әйел ұсталды

2019 жылдың 17 маусым 2019 14:01 851

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 19 жастағы елордалық бойжеткен косметика сататын болып, Instagram әлеуметтік желісінде жалған аккаунт ашып, адамдарды алдап келген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі елордалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жалған аккаунтта косметиканың түр-түрінің жарқыраған суреттері мен жеңілдіктер туралы ақпаратты жариялау арқылы бойжеткен киви-әмиян арқылы алдымен ақша төлеуді талап етіп отырған.

Алаяқтың бұл қулығына 25 жастағы Нұр-Сұлтан қаласының бойжеткені ілініп, 250 мың теңгесін айырылып қалып отыр. Қазіргі уақытта ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жеңілдіктер мен арзан бағалар жазылатын аккаунттар интернетте қолданушылардың назарын өзіне бірден аударады. Көп жағдайда адамдар тауарын алмай жатып, алдын ала ақшасын төлеп қояды.

Алаяқтарды мына белгілер арқылы тануға болады:

  • сатушының телефоны мен мекенжайының жазылмауы;
  • сатушы көбінесе тек жазысып байланыс ұстап отыруды жөн көреді;
  • тауардың бағасы ұқсас тауарлардан қарағанда тым арзан келеді.

Нұр-Сұлтан қаласының тәртіп сақшылары сақтанудың қарапайым шараларын ұстануға шақырады:

- тауардың барына көз жеткізіп алу;

- сатушымен сауда барысын видеобайланыс арқылы талқылау;

- тауарды алғаннан кейін ғана ақшасын беру.

Интернеттегі алаяқтардың арбауына түсіп қалсаңыз, полицияның 71-67-10, 71-66-10, 71-65-58 немесе 102 нөміріне хабарласуға болады.

 

 

 

Жоғары қарай