Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Нұр-Сұлтанда ерекше балалар медкомиссиядан өту үшін кезек күтпейтін болды

2020 жылдың 27 ақпан 2020 09:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордада ерекше балаларды арнайы тексеруге және балабақшаға онлайн тіркеуге болады. Бұл жөнінде қала әкімінің орынбасары Мәлика Бектұрова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Ерекше күтімді қажет ететін сәбиі бар анаға психологиялық, медициналық және педагогикалық комиссиядан өту оңай емес. Құжат жинау, өтініш жазу және баламен кезекте бірнеше сағат тұру өте қиын. Осының бәрін түсініп, біз процесті жеңілдетуге және ыңғайлы етуге тырыстық. Енді сіз баланы ПМПК тексеруіне үйден шықпай-ақ тіркей аласыз», - деп жазады қала әкімінің орынбасары Telegram парақшасында.

Ол үшін e.astana.kz сайтына кіріп, «ПМПК-ға тағайындау және емтихан» бөлімін таңдап, өтініш беру керек.

«Сонымен бірге біз ерекше қажеттілігі бар балаларды мамандандырылған балабақшаларға, мектептер мен басқа мекемелерге қабылдауды жеңілдетуге тырыстық. Орын алу үшін e.astana.kz порталына кіріп, «арнайы білім беру ұйымдарына тіркелу» бөлімін таңдап, өтініш жазу керек», - дейді Мәлика Бектұрова.

Түзетуші инклюзивті ұйымға кезек автоматты түрде жасалады. Жүйенің өзі арнайы комиссияның қорытындысына сәйкес нұсқаларды ұсынады.

Таңдалған оқу орнында бос орын болған кезде ол бірден кезекте келесі тұрғанға беріледі.


Жоғары қарай