Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Нұр-Сұлтанда ер адам суға батқалы жатқан баланың өмірін сақтап қалды

2019 жылдың 11 сәуір 2019 20:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда ер адам суға батып бара жатқан баланың өмірін сақтап қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат астаналық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

11 сәуір күні 17:30-да «112» пультіне Жедел жәрдем стансасынан Дулатов көшесінде ер адам кішкентай баланы құтқарғаны туралы хабар келіп түсті.

Батыс Қазақстан облысының тумасы, 1988 жылы туған Талғат Сапаровтың айтуынша, үйдің маңында балалар шулап, кішкентай баланың жылағанын естіген. Сымға оралып қалған 7 жасар бара шұңқырдағы суға батып бара жатқанын көріп, көмекке асығады. Тереңдігі 4 метр шұңқырдан тартып алып, баланың ес-түссіз жатқанын көреді. Қолма-қол алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жасанды тыныс алдырған соң, бала ес жиып, өздігінен тыныс ала бастайды.

Жедел жәрдем келгенде баланың қасында оның шешесі мен құтқарған жігіт тұрған. Жедел жәрдем баланы №2 қалалық балалар ауруханасына алып кетті.

Нұр-Сұлтан қаласы төтенше жағдайлар департаменті жылдам батыл қадам жасап, баланың өмірін сақтап қалғаны үшін жігітке алғыс білдіреді. Оның осы ерлігі үшін оны департамент басшылығы марапаттайды.

Басты сөздер: Оқиға, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай