Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

Нұр-Сұлтанда Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді

2019 жылдың 12 желтоқсан 2019 15:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 14 желтоқсанда Нұр-Сұлтанда Олимпиада ойындарының қола жүлдегері, мәнерлеп сырғанаушы Денис Тенді еске алуға арналған мұз шоуы өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz.

Мұз айдындағы шоуда атақты мәнерлеп сырғанаушылар мен Денистің достары өнер көрсетеді. Атап айтқанда, Татьяна Волосажар мен Максим Траньков, Кейтлин Уивер мен Эндрю Поже, Джереми Эбботт, Екатерина Гордеева және тағы да басқалар.

Бағдарлама мақсаты - Қазақстандағы мәнерлеп сырғанау спортын дамыту, еліміздегі туризмді, басқа да елдермен ынтымақтастықты дамыту. Мұз шоуы елордадағы «Барыс Арена» спорт кешенінде сағат 18:30-да басталады.
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай