Ауа райы
Нұр-Сұлтан 5 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Нұр-Сұлтанда аз қамтылған отбасыларға 600 пәтер сатып алуға 5,1 млрд теңге бөлінді

2019 жылдың 21 мамыр 2019 13:42 1144

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтанда аз қамтылған отбасыларға 616 пәтер сатып алуға 5,1 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтан қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айжан Түгелбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Республикалық бюджетті нақтылау барысында Нұр-Сұлтан қаласына 30 млрд 768 млн теңге трансферт қарастырылған. Оның 16 млрд 95,8 млн теңгесі инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға қарастырылып отыр», - деді ол.

Айжан Түгелбаеваның атап өтуінше, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі тарапынан атаулы әлеуметтік көмек көлемі арттырылған.

«Бұл мақсатқа 942,6 млн теңге сомасында ағымдық трансферт бөлінді. Бюджет саласының төмен жалақы алатын қызметкерлерінің айлығын 30 пайызға көтеруге  4,4 млрд теңге сомасында ағымдық трансферт көзделіп отыр. Халықтың аз қамтылған тобына 50 шаршы метрден кем емес 616 пәтер сатып алуға 5,1 млрд теңге бөлінді. Жер учаскелерін мемлекет қажеттілігіне  алуға 3,8 млрд теңге қарастырылған»,  - деді басқарма басшысының міндетін атқарушы.

null 

Сонымен қатар А.Түгелбаева қала бюджетінің жекелеген бағдарламаларына көзделген қаражаттардың оңтайландырылғандығын да айтты.

«Жекелеген бюджеттік бағдарламалар бойынша 10 млрд 956 млн теңге оңтайландырылды. Аталған қаражатты бірқатар шұғыл міндеттерді шешуге бағыттау көзделіп отыр», - деді ол.

null 

 

 

Жоғары қарай