Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Нұр-Сұлтанда аурухана аумағына дезинфекциялайтын тоннель арқылы кіреді

2020 жылдың 10 сәуір 2020 12:27

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласында 10 дезинфекциялық кешен орнатылатын болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігіне сілтеме жасап.

Қала әкімдігінің бастамасымен №3 көпбейінді балалар ауруханасында қаладағы алғашқы дезинфекциялық кешен пайда болды. Бұдан былай дәрігерлер мен медицина қызметкерлері жұмысқа кірісерден бұрын осы тоннель арқылы өтеді.

«Қондырғы бу генераторларының көмегімен жұмыс істейді. Дезинфекциялау сұйықтығынан бу шығаратын арнайы мотор бар. Бұл кешен арқылы өту киім қыртысындағы қауіпті патогендерді жоюға мүмкіндік береді. Қондырғыны медицина қызметкерлері күніне екі рет – жұмысқа кіргенде және ауысым аяқталған соң пайдаланады. Науқастарда осы кешен арқылы өте алады», – дейді Нұр-Сұлтан қалалық №3 көпбейінді қалалық балалар ауруханасының директоры Иран Шаметеков.

Сонымен қатар, таяуда басқа медицина мекемелерінде және адам көп жиналатын орындарда осындай дезинфекциялық тоннель орнатылады.









Жоғары қарай