Ауа райы
Нұр-Сұлтан 10 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 377.11
EUR 424.21
RUB 5.91
CNY 56.19

«Nur-Sultan qalasynyń ákimdigi» - Елорда әкімдігінде маңдайша жазуы өзгерді

2019 жылдың 26 наурыз 2019 18:31 725

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігі ғимаратындағы маңдайша жазуы өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Бүгін күндіз қала әкімдігі ғимаратындағы маңдайша жазуы өзгертілді», - деп нақтылады елорда әкімінің баспасөз хатшысы Эльвира Жүргенбаева.

Атап айтқанда, ғимараттың кіреберісінде  латын графикасындағы әліпби бойынша «Nur-Sultan qalasynyń ákimdigi» және «Акимат города Нұр-Сұлтан» деген жазу пайда болды.

null

Сонымен қатар, сол жерде өзгертілген қалыпта «Nur-Sultan qalasynyń máslIhaty» жазбасы да ілінді.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Астана қаласының атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы ұсыныс жасаған болатын
Парламент Астананың атауын Нұрсұлтан деп өзгерту туралы құжатты қабылдады.

Кейіннен Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласын Қазақстан Республикасының астанасы - Нұр-Сұлтан қаласы деп қайта атау туралы жарлыққа қол қойды. 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам,
Жоғары қарай