Ауа райы
Астана 4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

«Нұр-Сұлтан – Петропавл - Қорған» жолындағы құрылыс жұмыстары жақында аяқталады

2020 жылдың 26 наурыз 2020 14:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚпазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысында республикалық маңызы бар «Нұр-Сұлтан – Петропавл – Қорған» тасжолының ұзындығы 60 шақырымды құрайтын учаскесін қайта салу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Жоба 2017 жылы іске асырыла бастады. Бүгінгі таңда жолдың 34 шақырымында жол жабындысының төменгі және жоғарғы қабаттары төселді. Нақтырақ айтқанда, жұмыстар жолдың 525-ші және 496-шы шақырымында, 496-шы және 465-ші шақырымы аралығында қамтылды. Бұдан бөлек, 22 су өткізу құбыры, 4 көпір және мал өткелдері орнатылды», - делінген Индустрия және инфрақұрлымдық даму министрлігі мәліметінде.

Жобаның бас мердігері – «К-Дорстрой» АҚ. Жолды салу жұмыстарына 450 жұмысшы, техниканың 275 бірлігі жұмылдырылған. Жұмыстар аяқталған соң, тасжол 1б және 2 техникалық санаттарына сай болмақ. Жол учаскесіндегі қозғалыс осы жылдың соңына дейін ашылады деп жоспарлануда.

Еске сала кетейік, Солтүстік Қазақстан облысындағы республикалық маңызы бар жолдардың жалпы ұзындығы бүгінгі таңда 1968 шақырымды құрайды. Оның 87 пайызы жақсы және қанағаттандырарлық жағдайда.


Жоғары қарай