Ауа райы
Астана -23 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 380.84
EUR 419.50
RUB 6.05
CNY 54.90

«Нұр-Сұлтан – Петропавл» автожолы ашылды

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 11:17

ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті републикалық маңызы бар автокөлік жолдарының ашылғанын мәлімдеді, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

Таңғы 8-ден бастап республикалық маңызы бар А1 «Нұр-Сұлтан – Петропавл» жолының 341-473 шақырымында, М-51 «Челябі-Новосібір» жолының 535-655 шақырымында көліктің барлық түрінің жүруіне рұқсат етілді.

Жолдар түнгі 3-те жауын-шашын мен көктайғақ салдарынан жабылған болатын. Кешке таман «Darmen» мобильді бағдарламасында құтқарушылар ауа райының нашарлап кеткенін және жолды тұман басқанын ескерткен болатын.

Синоптиктердің болжамынша, 5 желтоқсан Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ, жаяу бұрқасын болуы мүмкін. Құтқару қызметі тұрғындардың мобильді телефонына ескерту хабарламасын таратты.

Жоғары қарай