Ауа райы
Астана 13 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолы биыл толығымен пайдалануға беріледі

2019 жылдың 24 сәуір 2019 21:39 978

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан-Павлодар тас жолы биыл толығымен пайдалануға беріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.

«Ұзындығы 905 шақырым «Орталық - Шығыс» көлік дәлізі, яғни астанадан Павлодар қаласына дейін және Павлодар-Семей-Қалбатау қалалары арасындағы автожолдың құрылысын 2019 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Бүгінгі күні 404 шақырымы пайдалануға берілді», делінген хабарламада.

Естеріңізге салсақ, 2018 жылы Астана-Павлодар және Павлодар-Қалбатау учаскесінде жалпы ұзындығы 501 шақырымда жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын. Оның былтыр 239 шақырымы қолданысқа берілді.  2018 жылы бөлінген қаражаттың жалпы сомасы 57,4 млрд теңгені құрады. Сонымен қатар, жаңа жабын төселген  бойынша жалпы алғанда 207 шақырымдағы аралығы ашылды.

2018 жылдың қорытындысы бойынша «Астана-Павлодар» автожолының 402 шақырымы (404 ш-нан бастап), оның ішінде 321 шақырымы екі жолаққа, 81 шақырымы бір жолақты қозғалыс қамтамасыз етілді. «Павлодар-Қалбатау» автожолы бойынша қозғалыс жаңа жабындымен түгелімен ашылды.

2019 жылдың жоспарында 250 км пайдалануға беру жоспарланып отыр, осылайша «Орталық - Шығыс» көлік дәлізі жобасы Нұр-Сұлтаннан Қалбатау қаласына дейін толығымен аяқталады.

 

 

 

 

Басты сөздер: Инфрақұрылымдық жобалар,
Жоғары қарай