Ауа райы
Астана 16 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 386.34
EUR 427.25
RUB 5.88
CNY 54.57

Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент жастарына үш жылда 9 мың пәтер беріледі

2019 жылдың 27 маусым 2019 12:50 739

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жастарға пәтер жағынан қолдауға арналған тапсырмасы артығымен орындалмақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Осы жылы үш қаладағы (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент) жұмыс істеп жүрген жастарға 1 мың пәтер беруді көздеген болатынбыз. Жақында бұл жоспар қайта қаралып, 1 мың пәтер емес, 3 мың пәтерден беру туралы шешім қабылдадық. Яғни, осы жылы, 2020 және 2021 жылдары - үш жыл бойы үш қалада жастарға үш мың пәтерден беріледі», - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Роман Скляр бүгін Үкіметтің баспасөз орталығында.

Еске сала кетсек, былтыр Жастар жылының ашылуына арналған салтанатты жиында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Астана, Алматы және Шымкент қалаларында жастар үшін жылына 1 мың пәтер салынатынын мәлім еткен болатын.

Ал былтыр күзде Үкіметтің кеңейтілген отырысында сол тұстағы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек (қазір Премьер-Министрдің орынбасары) Астана, Алматы және Шымкенттің жұмысшы жастарына 1 мың пәтер салу мамырда басталатынын хабарлаған еді.

 

 

Жоғары қарай