Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 12 °С
валюта бағамы
USD 389.81
EUR 430.27
RUB 6.06
CNY 54.91

Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыс әкімдерінің өкілеттігі тоқтады

2019 жылдың 12 маусым 2019 12:52

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысы Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдеріне қатысты Жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 87-бабының 5-тармағына сәйкес жаңадан сайланған Қазақстан Республикасының Президенті қызметіне кіріскен кезде Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері өкілеттігінің тоқтатылуына байланысты ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың әкімдері тиісті әкімдер тағайындалғанға дейін өз міндеттерін атқаратын болсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев

Басты сөздер: Әкім, Қазақстан Президенті,
Жоғары қарай