Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

«Nur Otan» Түркістан облысында «Мектепке жол» акциясын жалғастыруда

2019 жылдың 23 тамыз 2019 11:55

САЙРАМ. ҚазАқпарат – Түркістан облысында «Nur Otan» партиясы «Мектепке жол» акциясын жалғастыруда. Партияның Сайрам аудандық филиалы әлеуметтік аз қамтылған көпбалалы отбасыларға киім-кешектер мен оқу құралдарын тарту етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Акция барысында аудандық партия филиалына келіп өтініш білдірген ата-аналардың балаларын жаңа оқу жылына дайындауға көмек көрсетілді. Шараға «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы т өрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев , Сайрам ауданының әкімі Бақтияр Мамаев, аудандық мәслихат депутаттары мен жергілікті тұрғындары қатысты. Өз кезегінде Бейсен Тәжібаев сөз сөйлеп, оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.




«Nur Otan» партиясының дәстүрлі түрде өткізетін «Мектепке жол» республикалық акциясы аясында біз әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қол ұшын беріп келеміз. Биылғы жылғы акцияның бастамасы Сайрам ауданынан басталды. Барлық бүлдіршін мектепке толыққанды оқу жабдықтарымен қамтылмауы біздің азаматтығымызға үлкен сын. Партия атынан ұйымдастырылып жатқан акцияға мәслихат депутаттары, «Nur Otan» партиясы фракциясының мүшелері мен партиялас әріптестеріміздің қосқан үлесі зор. Жас өскіндердің мұқтаждығына ешқашан жол бермейміз»,– деп атап өтті Б . Тәжібаев .

Акция шеңберінде партия филиалына балаларын мектепке дайындауға көмек беруін сұраған 24 отбасы мүшелерінің 50 оқушысына мектепке қажетті оқу-құралдарымен жасақталған сөмкелер берілді. Шараға қатысқан сайрамдықтар өтініштерін қараусыз қалдырмай көмек көрсеткен «Nur Otan» партиясының филиалына алғыстарын білдірді. Атап өтейік, бүгінгі күнге дейін аудандық мәслихат депутаттары, партия фракциясының мүшелері мен партияластар тарапынан 845 отбасыға 4 152 400 теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілген.














Жоғары қарай