Ауа райы
Нұр-Сұлтан 25 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

«Нұр Отан» өкілі елордадағы кейбір көшелердің жыл сайын жөнделетінін сынға алды

2019 жылдың 21 мамыр 2019 15:29 646

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев елордада кейбір көшелердің жыл сайын  жөнделетіндігін сынады,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарына үңіле қарап едік. Бір ай өтті, көлік басқармасынан соңғы 5 жылдың ішінде қандай  жолдардың жөнделгені туралы ақпарат ала алмай-ақ қойдық. Басында олар 2015-2016 жылдардағы ақпараттардың жоқ екендігін айтып, соңында әйтеуір берді. Сондай-ақ 2019 жылы жүргізілетін жөндеу жұмыстарына қатысты ақпараттардың жоқ екендігін айтты. Сонда бұлай болғаны қалай? Қазір мамыр айы. Ал біз әлі күнге дейін қандай жолдарды жөндейтіндігімізді білмейміз бе, әлде бұл қоғамнан жасырын ақпарат па ?», - деді ол Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында.

Сонымен қатар ол жолдардың қандай критерийлермен жөнделетіндігі де түсініксіз екендігін ашық айтты.

«Мәселен, Күйші Дина көшесі 2,5 жыл бұрын жөнделді. Содан кейін басқа басқарма келіп жылу желілері үшін қазып тастады. Енді міне, тағы дәл сол көшені жөндеуге қомақты қаржы бөліп отырмыз. Қазір Майлин көшесін жөндемекпіз. Ол көшені жөндеудің қажеті қанша? Жап-жақсы көше. Сараптама қалай жүргізіліп, жөнделетін жолдардың қалай анықталатындығы түсініксіз. Ақпарат мүлдем жоқ. Бұл мақсатқа қосымша 205 млн. теңге бөлмекпіз. Ол ақша қайда кетеді?», - деді В.Сергеев.

Осы ретте кеңес отырысына қатысқан Нұр-Сұлтан қалалық көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының өкілі жөнделетін жолдар аудан әкімдіктерімен алдын ала келісілетіндігін айтты.

 

 

Жоғары қарай