Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Nur Otan-ның астаналық филиалы президенттік сайлауға қолдау білдірді

2019 жылдың 17 сәуір 2019 19:19 675

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Nur Otan партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиалының XXIX кезектен тыс конференциясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Nur Otan партиясы кезектен тыс президенттік сайлауды өткізу бастамасын толығымен қолдайды. Ағымдағы жылы 10 сәуірде партия төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезін өткізу туралы қаулыға қол қойған болатын. Съезд 23 сәуірде өтеді. Nur Otan көшбасшы партия ретінде сайлауға белсенді түрде қатысатын болады», - дейді филиал төрағасының орынбасары Бақыт Сапаров.   

Конференция барысында делегаттар Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың партияның XVIII съезінде берген тапсырмаларын орындау мәселелерін де талқылады. Атап айтқанда, «Бақытты отбасы», «Құтты мекен» және «Халыққа көмек» жобалары қаралды. Мәселен, «Халыққа көмек» қазірдің өзінде халықпен кері байланыс жүйесін қалыптастырудың тиімді құралына айналды.

Конференция қатысушылары Nur Otan партиясының кезектен тыс XIX съезінің жұмысына қатысатын делегаттарды анықтады.

 

 

Жоғары қарай