Ауа райы
Астана -7 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 376.73
EUR 427.36
RUB 5.75
CNY 56.07

«Нұр Отан» мектеп асханаларын жалға алушыларды тексерумен айналыспайды

2019 жылдың 19 қаңтар 2019 11:40 605

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Нұр Отан» партиясының Орталық аппаратында мектеп асханалары жөніндегі Республикалық сарапшылар тобының бірінші кеңесі өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат саяси ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Кеңесте мектеп асханаларына тиесілі бақылауды қамтамасыз ету мен шағын және орта бизнестің мүддесін қорғаудың аралығындағы мәселеде ымыраға келудің жауабы іздестірілді.

«Нұр Отан» партиясы бұдан бұрын  мектеп асханаларының бірқатар өзекті мәселелерін шешу және ата-аналар комитетінің, асханаларды жалға алушылардың, мектеп әкімшілігі өкілдері мен білім басқармасы өкілдерінің іс-әрекетін үйлестіру үшін «Мектеп асханалары» жобасын дайындаған еді.  Оған ата-аналар қоғамдастығының әлеуметтік желілерде жазған балаларды тамақтандырудың сапасына көңілі толмаушылығына байланысты пікірлері себеп болды.

 

nullӨткен жылы партия осы мәселелерді шешуге тиіс арнайы жоба әзірлеп, тұжырымдамасын бекітіп, содан кейін нақты дайындық жұмыстарын жүргізген. Нәтижесінде 2018 жылдың соңында нұротандықтар мектеп асханаларындағы тиым салынған бірқатар азық-түліктердің тізімін ұзартуға қол жеткізді (сосискалар, колбаса өнімдері, гамбургерлер, сондай-ақ, жасанды қосымшалары бар тағамдар қосылды), ал, Жаңа жылдан бастап «Мектеп асханалары» деп аталатын партиялық жоба ресми түрде бастау алды. Құрамында ата-аналар, парламентарийлер, «Нұр Отан» партиясы өңірлік филиалдарының, БАҚ, ҮЕҰ мен меморгандардың өкілдері бар ведомствоаралық сарапшылар тобы бүкіл еліміз бойынша мектептің тамақтандыру орындарына мониторинг жүргізуге кірісіп кетті.

Ұйымдастыру мәселелері мен жобаны іске асырудың алғашқы күндерінің нәтижесін талқылау үшін «Нұр Отан» мектеп асханаларын тамақтандыруға байланысты Республикалық сарапшылар тобының бірінші кеңесін өткізді. Бұл мәселені бақылауға алған партия хатшысы Илья Теренченконың төрағалық етуімен өткен отырыста кездесуге қатысушылар  мектеп асханалары мен ас әзірлейтін жерлерде бейнебақылау орнату, сондай-ақ, бейінді нормативтік құқықтық актілерге өзгеріс енгізу туралы ойларын ортаға салды. 

Әңгіме барысында партия хатшысы еліміздің өңірлерінде құрылған мектеп асханалары бойынша Республикалық сарапшылар тобы мен ведомствоаралық сарапшылар тобының жұмысын қадағалаушылық іс-әрекетпен шатастырудың қажеті жоқ екенін атап өтті.

null

- Кейбір БАҚ біздің мектеп асханалары мен оны жалға алушыларды тексеріп жатқанымызды жазып үлгерді. Бұл түбегейлі қате түсінік. Біз тексеріс емес, мониторинг жүргізіп жатырмыз. Қайталап айтамын! Біз ешкімді де жазаламаймыз, қандай да бір кемшіліктерді жоюға байланысты кеңес қана береміз. Жекелеген жағдайларда біз өз ұсыныстарымызды өкілетті органдарға жібереміз. Алайда, біздің бизнестің ісіне араласуға құқымыз жоқ. Тіпті, «Нұр Отан» партиясының басымдыққа ие мақсаттарының бірі - қазақстандық қолдау көрсету.  Оның ішінде мектеп асханалары саласында жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер де бар, - деп мәлімдеді Илья Теренченко. 

Бұл ескертулер құрамында мектеп оқушыларының ата-аналары, құқыққорғаушылар, депутаттар, мемлекеттік қызметкерлер және нұротандықтардың өздері де бар сарапшылардың арасында қызу пікірталас туғызды. Бір жағынан алып қарағанда балалардың денсаулығынан артық ештеңе де жоқ. Және қандай да бір кәсіпкердің кінасынан асханада тамақтанған оқушылардың жаппай улану оқиғасы орын алғанда, шағын және орта бизнесті дамыту мәселесінің басымдыққа ие болғаны үшін кінәліні жауапкершіліктен босату туралы әңгіме қозғау қаншалықты қисынды? Екінші жағынан нормадан болмашы ғана ауытқушылық болғаны үшін жұмыс орындарын құрып отырған мектеп асханаларын жалға алушылардың лицензиясын тартып алып, оны жұмыс істетпей тастау дұрыс па? Бұл мәселеде бизнестің ісіне араласу болып табылатын шекара қайда?

Ұзаққа созылған талқылаулардың нәтижесінде Республикалық сарапшылар тобының мүшелері мектеп асханаларына мониторинг жүргізу қажет деген мәмілеге келді. Алайда, бұл мәселеде мектеп оқушыларының қабылданған стандарт бойынша тамақтанып, шағын және орта бизнестің да тоқтаусыз дами бергені маңызды. Айталық, қандай да бір кемшіліктер анықталған жағдайда кәсіпкерлердің оны түзеуіне екінші мүмкіндік берілуі тиіс.

Жобаның бірінші блогының («Тамақтандыру стандарттарын жетілдіру») тамақтандыру сапасымен байланысты екенін естеріңізге сала кеткіміз келеді. Көптеген мектеп асханаларының ас үлесі өте жұпыны, нан өнімдері, құрамында қанты көп азық-түліктер көп сатылады, жаңа піскен көкөністер мен жемістер өте аз. Сонымен бірге денсаулық министрлігі мен Тамақтандыру академиясы әзірлеген стандарттардың ұсыныстық сипаты ғана бар. Партия мүшелері оны Қазақстанның барлық мектептерінде міндетті етуге ниеттеніп отыр. 

Жобаның екінші бағыты («Тамақтандыру стандарттарына байланысты мониторинг жүйесін ұйымдастыру») - тамақтың сапасы мен санитарлық нормаларды сақтау бойынша қоғамдық бақылаудың тиімді жүйесі. Өз ісіне адал қарамайтын жеткізушілерді есепке алу бұл саладағы  тағы бір маңызды мәселе (бұрын-соңғы басқа білім мекемелерінде тамақтандыруды ұйымдастыру ережесін бұзған кәсіпкерлерді асханаларды жалға алуға жібергені туралы деректер тіркелген).  

Жобаның үшінші бағыты («Мектеп оқушыларының арасында дұрыс тамақтану мәдениетін қалыптастыру бойынша жұмысты үйлестіру») жалпы қоғамда және жекелей алғанда мектеп оқушыларының арасында тамақтану мәдениетін қалыптастыруға арналған. 

 

 

Жоғары қарай