Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Несиелерді кешіру біз үшін үлкен көмек - асыраушысынан айырылған отбасы

2019 жылдың 27 маусым 2019 17:45

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбеліктер Президент Қасым - Жомарт Тоқаевтың несиелерді кешіру туралы Жарлығына ризашылық танытуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Несиелерді кешіру біз үшін үлкен көмек. Асыраушымыздан айырылып, өзім екі бала бағып отырмын. Қазір екеуі де студент, жақсы оқиды. Балаларым үшін 1 миллион теңге несие алып едім. Ай сайынғы төлемім - 70 мың теңге. Уақытылы төлеу қиын болған соң өтеу мерзімін ұзартып, 41 мың теңгеге есептетіп алдым. Бір қиыны, 1 миллион теңге алсаң, тағы 1 миллион теңге қосып қайтарасың», - деді ақтөбелік Ләззат Жұмағалиева.

Ол еден жуушы болып жұмыс істейді, кейде пәтер жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Жарлық туралы естігенде бірден ақтөбелік аналарға хабар беріп, ақпаратты таратып жіберген.

«Ақтөбелік көпбалалы, мұқтаж отбасылар бір-бірімен хабарласып, елдегі жаңалықпен бөлісіп отырады. Таяуда жұмыста 5 мың теңге сыйақы берді. Ортақ чатта аналарымыздың бірі «балалардың жейтін тамағы жоқ» деп жазып, сол сыйақыға азық-түлік сатып алып, апарып бердім. Жаны қиналған адамдарды көрсем өзім қиналамын. Сондықтан несиені кешіру үлкен көмек», - деді Ләззат Жұмағалиева.

Еске салсақ, кеше Мемлекет басшысы көпбалалы, асыраушысынан айырылған отбасылар мен жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалғандардың, атаулы әлеуметтік көмек алатындардың және мүгедек бала асырап отырғандардың несиесін кешіру туралы Жарлық шығарды. https://www.inform.kz/kz/kansha-kazakstandyktyn-nesiesi-oteledi-prezident-zharlygyna-tusinikteme-berildi_a3542273

Жоғары қарай