Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 19 °С
валюта бағамы
USD 383.69
EUR 429.08
RUB 5.97
CNY 55.39

Наурызда 14 күн демалыс: Мамандар қазақстандық туристерге қандай кеңес береді

2019 жылдың 19 ақпан 2019 12:46 947

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандықтар биыл 120 күн демалады. Сол 120 күннің 14 күні - наурызға, 10 күні - мамырға дөп келіп тұр. Осы ретте демалыста азырақ ақша жұмсау үшін, яғни арзан бағада демалу үшін қазақстандықтарға қандай амал қарастырған жөн? Бұл орайда «Туристік Қамқор» корпоративті қоры біршама пайдалы кеңес беріп отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Корпоративтік қор мамандарының болжауынша, наурызда қазақстандықтар жиі демалатын ең танымал елдер - БАӘ, Тайланд, Мысыр, Үндістан, Шри Ланка, Индонезия, Малайзия, Вьетнам, Иордания, Хайнань, Доминикан, Канар аралдары, Куба болуы мүмкін.

«Демалыс үшін алдын ала брондау қызметін пайдаланған жөн. Бірақ әдетте алдын ала брондау кемінде үш аптадан 3-6 айға дейінгі мерзімді қамтиды. Сол себепті сәуір-мамырдағы ыңғайлы демалысыңызды  бүгіннен ойластырғаныңыз жөн. Мысалы, түрік, мысыр, тай және БАӘ бағыттарындағы турларды алдын ала брондаған кезде (3-6 ай аралығы «ерте» болып есептеледі) Сізге 30-50 пайызға дейін жеңілдіктер ұсынады. 60 пайызға дейін жеңілдік жасауға дайын жомарт қонақ үйлер де бар», - деп кеңес береді корпоративті қор.

Жалпы, турларды алдын ала брондау деген жалпы не? Мамандардың айтуынша, арзан турды сатып алу үшін міндетті түрде соңына дейін созу және уақытша жеңілдікпен тез арада сатылатын жолдамаларға жармасу міндетті емес екендігін қазақстандықтар әлі толық түсіне қойған жоқ.

«Көптеген отандастар үшін шетелде демалу - ұзақ уақыт жоспарланатын, барлық ұсақ-түйек ескерілетін және ойластырылатын өміріндегі ең маңызды оқиға секілді көрінеді. Алдын ала брондау сенімділікті, жайлылықты бағалайтын отандастарымыз үшін ыңғайлы. Шынында брондау жыл басында басталып, сәуір айына дейін жалғасады. Ал кей жағдайларда одан да кеш болуы мүмкін. Осыған ұқсас қызмет «ыстық» маусым басталғанға дейін алдын ала қонақ үйді таңдауға ғана емес, сонымен қатар, туроператордан қомақты жеңілдік алуға да мүмкіндік беретіні рас», - дейді мамандар.

Саяхатты жақсы көретіндерге 2019 жылы Қазақстан бірқатар жаңа авиақатынас ашатынын да айта кету керек. Яғни, отандастарымыз үшін жаңа мүмкіндіктер мен бағыттар ашылмақ. Жаңа авиақатынастар тікелей болады, яғни ұшақтан ұшаққа ауысып мініп жүрмейсіз.

«Прага, Ұлан-Батыр мен Токио. Бірінші екі бағытта «Скат» қызмет көрсететін болады. «Скат» авиапаркі екі жаңа Боингпен толықтырылады. Ұлан-Батырға алғашқы рейс 2 маусымда жасалады. Монғолияға билет сатылымы ашық. Әлемнің ең суық астанасы  Ұлан-Батырдағы туристердің негізгі ермегі - би мен халық әні, Опера және балет театрлары. Әйгілі Шыңғысханның өмір сүрген және қызмет еткен жерлері, Монғолияның негізін қалаушы қолбасшы туған Дулун-Болдог ауылы бойынша экскурсиялар аса танымал», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, «Скат» жазда Батуми, Краснодар, Сочиге авиарейстерді қайта жандандырады. Осы қалаларға арналған тікелей рейстер Астанадан жүзеге асырылады. Сондай-ақ, Ереван мен Минералды суларға авиа рейстер ескерілген. Өз кезегінде әзірбайжандық авиажелілер Баку-Алматы-Баку бағыты бойынша жаңа авиақатынастарды ашуға ниет білдіріп отыр. Бірінші рейс 2 сәуірде жасалмақ. Әзірбайжандық тасымалдаушы Airbus A319 ыңғайлы ұшақтарымен аптасына екі рет (сейсенбі мен сенбі) Алматыға ұшуды жоспарлап отыр.

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Әлем, Туризм, Көлік,
Жоғары қарай