Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

#НаурызChallenge: Қостанайлық кәсіпкерлер бірнеше отбасыға баспана сыйлады

2019 жылдың 21 наурыз 2019 00:16

ҚОСТАНАЙ. ҚазАқпарат - Қостанайлық кәсіпкерлер Наурыз мейрамы қарсаңында аз қамтылған бірнеше отбасыға пәтер сыйлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ұлыстың ұлы күні қарсаңында «Nur Otan» партиясы мен жергілікті кәсіпкерлер Елизаветинка ауылындағы екі қабатты үйдің үш бөлмелі пәтерін Мырзашевтар отбасына сыйға тартты. Әбдібек және Сымбат Мырзашевтар Набережный ауылдық округында тұрады. 2011 жылы Өзбекстаннан үлкен отбасымен көшіп келген. Ағайын-туысқандарының бәрі осында.





«Мен үй шаруасымен айналысамын, ал жолдасым жергілікті серіктестіктердің бірінде жұмыс істейді. Бұған дейін жалдамалы, шағын үйде тұрағанбыз. Енді қуанышымызда шек жоқ. Жанұяда төрт бала бар. Ең кішісі 10 айлық», - деп бөлісті Сымбат Мырзашева.

Қоныс тойын тойлағандардың арасында Таран ауданы Әйет ауылынан үш жанұя бар. Мәселен, Смотровтар отбасы 6 баланы тәрбилеп отыр. Бұған дейін тұрғылықты үйлері болмаған. Сол сияқты, Медведев және Қанабаевтар отбасы да Наурыз мерекесі қарсаңында тосынсыйға ие болды.





Таран аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айнаш Даданованың сөзінше, жергілікті меценаттар #НаурызChallenge бастамасына қолдау білдірген.

«Жалпы,Таран ауданында әлеуметтік осал топтағы 142 отбасы бар. 25 мың адам тұратын ауданда бұл көп емес. Оның 120-сы - көпбалалы жанұя. Арнайы жүргізілген тексерістер нәтижесінде 7 отбасы баспанаға мұқтаж екенін білдік. Олардың алтауы енді өз үйлерінде тұрады», - деді ол.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Таран ауданының Тобыл елді мекенінде тағы бір көпбалалы отбасына тұрғын үй кілті тапсырылды.




Жоғары қарай