Ауа райы
Астана 20 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 386.70
EUR 427.15
RUB 6.06
CNY 54.57

НаурызChallenge: Қостанайда көпбалалы отбасы баспаналы болды

2019 жылдың 21 ақпан 2019 19:41

АСТАНА. ҚазАқпарат - Республика көлемінде жарияланған НаурызChallenge мейірімділік акциясы басталды. Бастамаға «Нұр Отан» партиясының Қостанай облыстық филиалы алғашқылардың бірі болып үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Партия баспасөз қызметінің мәліметінше, «нұротандықтар» жылдың жаңа маусымын жақсы іспен бастап, өзгелерге жақсылық жасауға үндейді. Маңызы мол, қайырымды іс жасау науқаны алдымен Қостанайдың Таран ауданында көрініс тапты.

Елді мекенге қарасты Тобыл ауылында көпбалалы Смирновтар жанұясы талай уақыттан бері баспанаға мұқтаж болатын. «Нұр Отан» партиясы олардың бұл армандарын жүзеге асырды. «Первомайский щебеночный завод» серіктестігінің басшысы Сергей Ким мен «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисимбаев оларға салтанатты түрде үйдің кілтін табыстады. Көпбалалы отбасының қуанышы қойнына сыймай, шексіз риза болды.



null

«Бұл мен үшін үлкен бақыт. Ескі үйдегі жағдайымыз онша болмайтын. Балалар болса өсіп жатыр. Партияға және кәсіпкерлерге көрсеткен көмектері үшін айтар алғысым шексіз», - дейді Елена Смирнова.

Айта кету керек, #НаурызChallenge мейірімділік акциясына кез келген азамат қатыса алады.

«Осы ретте кіші және орта бизнес өкілдері мен бұл мәселеге бей-жай қарамайтын азаматтарды көп балалы отбасылар, көмекке мұқтаж жандарға жәрдем жасауға белсенділік танытуға шақырамын. Өмірдің қиыншылығын көріп отырған жандарға көмектесу- біздің ортақ міндетіміз», - дейді «Нұр Отан» партиясы ҚОФ төрағасының бірінші орынбасары Жаңабай Бисимбаев.



null

Осылайша партиялықтар жақсылық жасау акциясын бастады. Мейрімділік бастамасының қатысуышысы атанғыңыз келсе онда: #НаурызChallenge #ДелайДобро #ЖақсылықЖаса хэштегімен әлеуметтік желілерде #НаурызChallenge #ДелайДобро #ЖақсылықЖаса деп фото-бейне қалдыруыңыз керек.

«Бір-бірімізге маңызды әрі пайдалы жақсылықтарды мейіріммен жасаймыз. Жақындарымызға, әсіресе көмек пен жылуға зәру жандарға қуаныш сыйлаймыз», - дейді партиялықтар.

Жоғары қарай