Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Наурыз мейрамында шаңырақ көтерген жастарға Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді

2019 жылдың 21 наурыз 2019 12:21

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Астанада Наурыз мерекесі күні шағырақ көтерген елордалық жастарға Тұңғыш Президент-Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ақ батасын берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Белгілі болғандай, бүгінгі мерекелік шара барысында 9 жұп үйлену тойын атап өтіп жатыр.

Елбасы некелерін қиған жас отбасыларды есте қаларлық осы маңызды күндерімен құттықтап, жастарға бақытты ұзақ өмір тіледі. Нұрсұлтан Назарбаев елдегі тыныштықтың сақталуын, әрбір отбасының өсіп, өркендеуін, сондай-ақ жастардың патриоттық рухта тарбиеленуін тілек етті.

Айта кетейік, бүгін ЭКСПО-қалашық аумағындағы Наурыз мейрамымен халықты құттықтауға Елбасы мен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев келді.




null

Елордада алты алаңда киіз үйлер тігіліп, этноауылдар ашылды. Келушілер мерекелік концерттік бағдарламалар тамашалап, қазақ күресі, арқан тартыс, гір көтеру, асық ату және армрестлинг сияқты ұлттық спорт түрлерінен күш сынасып жатыр. Астана тұрғындары мен қонақтары бауырсақ, палау, наурыз көже, ірімшік тағамдарынан дәм татып, алтыбақан маңына жиналды.




null


null

Жалпы Наурыз мейрамының құрметіне Астанада 50-ге жуық киіз үй мен 10-нан артық алтыбақан орнатылады.

Жоғары қарай