Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

NASA басқа планеталардағы мұхиттардан тіршілік іздейтін роботты сынақтан өткізеді

2019 жылдың 19 қараша 2019 22:33

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - НАСА мұз астында зерттеуге арналған суасты роботын (BRUIE) ойлап тапты. Оны басқа планеталардағы мұхиттардан тіршілік іздеуге жіберу үшін Антарктикада сынақтан өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат НАСА сайтына сілтеме жасап.

Роботтың ұзындығы бір метр, екі дөңгелекті. Оның суретке түсіру мүмкіндігі бар және бұл робот судың мұзбен жанасатын жері туралы мәліметтер жинай алады. Оның басты артықшылығы - су асты ағысына қарсы тұра алуында.

Ол келесі айда Австралияның «Кейси» антарктикалық ғылыми-зерттеу станциясында сынақтан өткізіледі, содан кейін басқа планеталардағы мұхиттардан тіршілік іздеуге бағытталады.

Ғалымдардың айтуынша, Күн жүйесінде жер серіктер (мысалы, Юпитердің жер серігі - Еуропа және Сатурн - Энчеладус) бар, олар мұхитты 10-19 шақырым мұзды қабатпен жауып тұрады.

Басты сөздер: Ғылым, Әлем,
Жоғары қарай