Ауа райы
Нұр-Сұлтан 12 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 378.93
EUR 423.00
RUB 5.87
CNY 54.82

Нью-Йоркте студенттер БҰҰ ҚК-дегі Қазақстанның жұмысы бойынша пікірсайысқа қатысты

2019 жылдың 18 қаңтар 2019 10:53 1163

НЬЮ-ЙОРК. ҚазАқпарат - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің және ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының магистранттары БҰҰ үлгісі бойынша Қазақстанның БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметінің қорытындылары туралы «дөңгелек үстелге» қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пікірсайыс Нью-Йорктегі БҰҰ-ның ҚР Тұрақты өкілдігі Пан Ги Мун атындағы тұрақты даму институты және «БҰҰ Моделі - Жаңа жібек жолы» жастар ұйымымен бірлесе ұйымдастырды.

Басқосуда «Корей түбегіндегі жағдай», «Сирия бойынша Астана процесінің контекстіндегі сирия дағдарысын реттеу мәселесі» және «Ауғанстандағы ахуалдың дамуы» атты маңызды мәселелер талқыланды. Бірқатар магистранттар сарапшылар ретінде баяндама жасап, көрсетілген тақырыптар бойынша басқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берді. Пікірталас барысында қазақстандық ЖОО студенттері қазіргі заманғы халықаралық қатынастардың көптеген күрделі дағдарыстары бойынша пікір алмасып, осы мәселелердің шешу жолдарын ұсынды.

Пікір алмасуды бастаған Қазақстан Республикасының БҰҰ жаныңдағы Тұрақты өкілі Қайрат Омаров БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз етуге жауапты басты органындағы еліміздің негізгі жетістіктері мен  Қауіпсіздік кеңесінде қызметтің ерекшеліктері туралы айтып берді. Ол БҰҰ ҚК-де болған екі жыл мерзімінде Қазақстан делегациясының БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің әртүрлі деңгейдегі 1 мыңнан астам отырыстарына қатысқанын атап өтті.


null 

«Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі қызметі барысындағы жетістіктері негізінен Мемлекет басшысының соғысқа қарсы, антиядролық және антитеррористік салаларында кеңінен танымал, маңызды бастамаларының арқасында мүмкін болды. Біз өзіміздің қазіргі замандағы көптеген өзекті мәселелері бойынша қағидатты және теңдестірілген ұстанымыз үшін Кеңес мүшелерінің жоғары бағаларына лайық және халықаралық аренада еліміздің беделін нығайта алдық», - деп атап өтті Қ. Омаров.

Тұрақты өкіл қазақстандық студенттермен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіндегі екіжылдық жұмыс бойынша өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті. Елші БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі мүшелерінің соңғы жеті жылдағы Ауғанстанға тұңғыш рет баруы, БҰҰ ҚК бірнеше санкциялық комитеттерінің төрағасы ретіндегі қызметінің ерекшелігі, әлемдік ірі мемлекеттер арасындағы қарым-қатынастарындағы сенімнің жетіспеушілігі және шиеленісудің ұлғайуы кезеңінде Қазақстанның ұстанымының қалыптасуы, сондай-ақ еліміздің әлемдегі күрделі мәселелердің шешілінуіне бағытталған тәсілдемелері туралы толық әңгімелеп берді.

БҰҰ үлгісі бойынша өткен пікірталастарда Колумбия университеті жанындағы MDP Global Classroom Жер Институтының директоры, профессор Рафис Абазов және БҰҰ Хатшылығының Қоғамдық ақпарат департаментінің өкілі Мэтью Пампин де қатысты.


null 

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия мен саясаттану, журналистика, құқық факультеттерінің және Экономика мен бизнес жоғарғы мектебінің магистранттары Колумбия университетінің жанындағы Жер институтымен алмасу бағдарламасы шеңберінде Нью-Йорк қаласына келген.

ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы Дипломатия институтының магистранттары академияның ҚР Сыртқы істер министрлігімен ынтымақтастығы шеңберінде ҚР БҰҰ жанындағы Тұрақты өкілдігінде тағылымдамадан өтуде.


null 

Жоғары қарай