Ауа райы
Нұр-Сұлтан 8 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Нью-Йорк полицейі Димаш Ниязов Қарағанды полиция академиясында дәріс оқиды

2019 жылдың 25 мамыр 2019 12:18 1017

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нью-Йорк полицейі  Димаш Ниязов Қарағанды полиция академиясында өтетін шараға қатысады. Бұл туралы бүгін Қарағанды полиция академиясының бастығы Ақынғали Дәрменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"2 маусымда Қарағанды полиция академиясының алаңында  TED Talks  өтеді. Бұл өз саласында табысқа жеткен спикерлер сөз сөйлейтін әлемдік алаң саналады. Кезінде бұл алаңда Илон Маск сөз сөйлеген болатын. Ағымдағы жылы біз 2017 жылы Нью-Йорктің үздік полицейі атанған, кәсіби боксшы Димаш Ниязовты шақырдық. Ол "Полиция имиджін және қоғаммен байланыс сапасын көтеру" тақырыбында сөз сөйлейді. Сонымен қатар өзге де спикерлердің сөз сөйлеуі көзделген", - деді ол ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан ведомствоға қарасты ЖОО басшыларымен жиында.

Сонымен қатар Ақынғали Дәрменов академия үздік халықаралық тәжірибені алуға да зор назар аударып отырғандығын айтты.

"Ағымдағы жылы ведомстволық білім беру тарихында алғаш рет біз Үндістанның Криминалистикалық ғылым университетімен келісімшарт жасастық. Бұл ӘТ-әзірлемелер саласының криминалистерін дайындайтын әлемдегі жалғыз университет саналады. Қыркүйек айында 10 оқытушы арнайы курстардан өту үшін сол жаққа барады", - деді ол.


null 

А.Дәрменов мұндай жұмыстар Украина, Польша, Қытай елдерімен де жүргізіліп жатқандығын атап өтті.

"Украинада "Киберполк" деп аталатын бөлімше жұмыс істейді. Бұл өте қызықты жоба және оны қазіргі уақытта тыңғылықты зерделеп жатырмыз. Тамыз айының басында факультет бастықтары келеді және олар әртүрлі қылмыстарды тергеу барысында қандай құралдар қолданатындығын көрсетеді. Түркия Елшілігімен Ұлттық полиция академиясында 13 курс ұйымдастырылады. Оның жұмысы 1 қыркүйекте басталады. Мұнан бөлек, Щитна қаласындағы Польша жоғары полициясының киберқауіпсіздіктен күрестегі тәжірибесін  зерделемекпіз. 1 қыркүйекте Қытай халықтық қоғмдық  қауіпсіздік университетіне ІТ-қауіпсіздік мамандарын дайындау үшін 5 курсант жіберіледі", -деді академиясы басшысы.



null 

 

Жоғары қарай