Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Мысырда тоғыз адамды дарға асты

2019 жылдың 20 ақпан 2019 16:49 706

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мысыр билігі сәрсенбі күні 2015 жылы елдің бас прокуроры Хишама Баракатты өлтірген тоғыз адамға қатысты үкімді орындады. Бұл туралы "Аль-Хадас" телеарнасы хабарлады.

Бас прокурорды өлтіру ісі бойынша 67 адамнан жауап алынған, олардың 16-сына іздеу салынған. 2017 жылдың шілдесінде 28 айыпталушы республиканың бас прокурорына қарсы қаскүнемдікке дайындалғаны және жүзеге асырғаны, сондай-ақ ату қаруын, жарылғыш заттарды заңсыз сақтағаны үшін дарға асу арқылы өлім жазасына кесілді.

Хишам Баракаттың көлігін  2015 жылы 29 маусымда қасақана жарған еді. Тұрақта тұрған көлікке бомба қойылғаны анықталды. Бас прокурор ауыр халде ауруханаға жеткізіліп, сонда көз жұмды. 

 

 

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай