Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Музыка қайраткерлерінің одағы сайлауда белсенді болуға шақырды

2019 жылдың 19 сәуір 2019 21:01

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақ ұлттық өнер университетінде ҚР Музыка қайраткерлері одағының «Кезектен тыс сайлау - Демократиялық жолда» атты тақырыбындағы отырысы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жиынға Халық әртісі, ҚР Музыка қайраткерлері одағының төрағасы Айман Мұсахаджаева жетекшілік етті.

«Біз тәуелсіз мемлекетіміздің қазіргі тарихының маңызды оқиғаларының куәгері болдық. Соңғы айдың ең маңызды ішкі саяси оқиғалары Қазақстан Республикасы Конституциясының мазмұнында бекітілген және мемлекеттік биліктің сабақтастығын қамтамасыз ететін демократиялық рәсімдерге байланысты... Еліміздің музыка қайраткерлерінің бүкіл ұжымы Қазақстан Президентінің алдағы сайлауын өткізудің барлық маңыздылығын түсінеді. Сондықтан көпшілікті 9 маусымда белсенді болып, сайлау учаскелеріне келіп, өзіміздің демократиялық таңдауымызды жасап, еліміздің одан әрі дамуының бағытын анықтауда белсенді болуға шақырамыз» - деді Айман Мұсахаджаева өз сөзінде.

Шараға көрнекті қоғам қайраткерлері мен Қазақстан Республикасы Музыка қайраткерлері одағының мүшелері қатысты.

Фото: prp.kz

Басты сөздер: Мәдениет, Сайлау 2019,
Жоғары қарай