Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 356.54
EUR 419.43
RUB 5.42
CNY 51.86

Мұнайдың бағасы көтерілді

2018 жылдың 19 маусым 2018 09:11 738

АСТАНА. ҚазАқпарат - Лондон мен Нью-Йорктің шикізат биржаларындағы дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, мұнай бағасы қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сауда-саттық нәтижесінде, тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы Лондонның ICE Futures биржасында 1,9 долларға көтеріліп, баррелі 75,34 долларды құрады.

WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,79 долларға қымбаттап, баррелі 65,85 долларға жетті.

Басты сөздер: Мұнай-газ, Қор рыногы,
Жоғары қарай