Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасыға айрықша мәртебе беріле ме

2019 жылдың 19 маусым 2019 18:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Светлана Жақыпова мүгедек баласы бар отбасыға айрықша мәртебе беру туралы депутаттар ұсынысына пікір білдірді.

«Министрлікте бұл мәселе бірнеше рет көтерілген. Айрықша мәртебе берудің ар жағында белгілі бір жеңілдіктер, төлемдер жатқанын білесіздер. Қазір де мемлекет мүгедек бала тәрбиелеп отырған отбасыға жәрдемақы береді. 2019 жылдың 1 шілдесінде бұл жәрдемақы тағы 30 пайызға өседі. Яғни, қазір 31 мың теңгеден төленіп жатқан жәрдемақы шілдеден бастап, 41 578 теңгеге көтеріледі. Аталған жұмыстар аясында жол картасы әзірленеді және айрықша мәртебе беру мәселесі де күн тәрбітінде тұрады», - деп жауап берді С. Жақыпова журналистер сұрағына.

Сонымен бірге, ол мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған аналарды зейнетақымен қамсыздандыру мәселесін көтерді.

«Кей аналар мүгедек баланы тәрбиелеуге берілетін 41 мың теңге жәрдемақының 10 пайызын зейнетақыға ұстап қалсын деген ұсыныстар айтты. 4 мың теңгеден 20 жыл бойы жинасаң да, елеулі қаражат шықпайды. Сосын 1998 жылға дейін жұмыс істемеген, одан кейін мүгедек бала тапқан әйелдерде де тиісті зейнетақы жинағы жоқ. Сондықтан, мұндай аналарға зейнетақы төлемдерін төлеуді қарастырып отырмыз», - деп түсіндірді вице-миинстр.

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша, Қазақстанда 18 жасқа дейінгі 88 мың мүмкіндігі шектеулі бала бар.

Жоғары қарай