Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

«Мұқағали» фильмінің түсірілімі басталды

2019 жылдың 17 маусым 2019 13:19 1105

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Қазақфильмде» «Мұқағали» көркем фильмінің түсірілімі басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі киностудияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Картина  ақиық ақын Мұқағали Мақатаев жайында сыр шертеді. Фильмнің режиссері - танымал қазақстандық режиссер Болат Қалымбетов. Картинаны ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ  түсіруде.

«Бұл фильм ақын жайлы ғана емес, адам жайлы, адамның тағдыры жайында», - дейді фильмнің режиссері Қалымбетов.


null 

Түсірілім  жұмыстары Өскемен қаласында басталды. Одан кейін түсірілім тобы Санкт-Петербург, Алматы  және Алматы  облыстарына жол тартпақ.


null 

Режиссердің айтуынша, картина Мақатаевтың өмірінің соңғы жылдары туралы баяндайды.



null 

 

 

 

 

 

Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Қоғам, Өнер, Мәдениет,
Жоғары қарай