Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.34
EUR 428.78
RUB 6.05
CNY 55.45

Мұхтар Шаханов Мемлекет басшысының алғыс хатымен марапатталды

2019 жылдың 15 қазан 2019 17:00

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Қазақ ССР Тілдер туралы» алғашқы Заңның қабылданғанына 30 жыл толуына орай бір топ зиялы қауым өкілімен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бақытжан Сағынтаев мемлекеттік тілдің дамуына үлес қосқан жазушы, журналист, ғалым және қоғам қайраткерлеріне Мемлекет басшысының алғыс хатын тапсырды.

Олардың арасында «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Асылы Осман, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының президенті Өмірзақ Айтбаев, М. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының директоры Кенжехан Матыжанов, жазушы Смағұл Елубаев, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының бас ғылыми қызметкері Телхожа Жанұзақов, халық жазушысы Мұхтар Шаханов, А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының директоры Ерден Қажыбек, Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары Мереке Құлкенов, Ұлттық аударма бюросының редакторы Назгүл Қожабекова, жазушы-публицист Жұмаш Кенебай, «Жас қазақ» газетінің бас редакторы Смайыл Срайыл бар.

Кездесу барысында жиналғандар мемлекеттік тілді одан әрі дамыту, оны қала жұрты арасында дәріптеу мәселелерін талқылап өзара пікір алмасты.

Сонымен қатар, қала мектептерінің кітапханаларын қазақ жазушыларының кітаптарымен толтыру және интернет базасын қазақ тілді контентпен толықтыру ұсынылды.










Автор Алма Мұқанова
Басты сөздер: Алматы, Мәдениет, Тіл, Қоғам,
Жоғары қарай