Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Мүгедек балаларды оңалтуға үкіметтік емес секторды тарту қажет – Қасым-Жомарт Тоқаев

2019 жылдың 29 қазан 2019 23:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Президент «Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясының» қызметімен танысты. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-дегі парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.




«Мүгедектігі бар балаларға арналған оңалту орталығын ашқан «Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясының» қызметімен таныстым. Әлеуметтік маңызы зор бастаманы жүзеге асыру үшін үкіметтік емес сектордың әлеуетін тиімді пайдаланып отырған Алматының тәжірибесін кеңінен тарату қажет» делінген хабарламада.




Айта кетейік, бұған дейін Мемлекет басшысының Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары аясында «Мүгедек балалар ата-аналарының ассоциациясы» қоғамдық бірлестігінің БЦСА балаларға арналған белсенді оңалту және ерте жастан қолдау орталығына барғанын хабарлаған болатынбыз. Онда Президент о рталыққа арнайы жабдықталған шағын автобус тарту еткен болатын.













Жоғары қарай