Ауа райы
Нұр-Сұлтан 27 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Мұғалімді кәсібіне қатысы жоқ жұмысқа тартқандарға айыппұл салынады-министр

2019 жылдың 15 сәуір 2019 19:10 903

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасы аясында қажетті нормалар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де енгізіледі, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинованың айтуынша, маңызды  мәселелердің бірі - ол мұғалімдердің құқықтарын қорғау. Аталған жұмыс үш бағытта жүргізіледі.

«Біріншіден, мұғалімнің кәсіби қызметіне араласуға жол бермеу. Екіншіден, педагогтың ар-намысын қорғау. Үшіншіден, ұстаздардың кәсіби қызметіне қатысы жоқ шараларға тартуды тоқтату.

«Бұның бәрі заңда ғана көрсетілмейді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске де енгізіледі. Сонда нақты нормалар болады. Алдымен ескерту жасалады, одан кейін айыппұлдар салынады», - деді К.Шәмшидинова Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслиxатында. 

Бұдан бөлек, «педагог» бірыңғай анықтаманы енгізу қарастырылған. Соған қарай барлық білім саласының қызметкерлерін келтіру керек. 

Айта кетейік, «Педагогтар мәртебесі туралы» заң жобасын тамыз айында Парламент Мәжілісінің қарауына енгізу жоспарланып отыр. Соның ішінде мұғалімдердің зейнетке шығу мәселесі де бар.

«Қазір біз зейнеткерлік мәселесін басқа ракурста көтеріп жатырмыз. Мәселен, адам педагогикалық жоғары оқу орнын бітіріп, бірден мектепке жұмысқа келсе, сол жерде біраз уақыт жұмыс істесе, зейнетке шыққанда оның педагогикалық жоғары оқы орнында білім алған мерзімін де еңбек өтілі ретінде есептеу керек. Біз осындай мәселені көтеріп отырмыз. Соны тиісті мемлекеттік органдармен пысықтап жатырмыз», - дейді К.Шәмшидинова.

 

 

Жоғары қарай