Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Мойынқұмда құрамында алтын бар кен тастарын жинаушылар ұсталды

2019 жылдың 13 тамыз 2019 16:36 249

ТАРАЗ. ҚазАқпарат – Жамбыл облысы Мойынқұм ауданында құрамында алтын бар кен тастарын жинағандар қолға түсті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді. Онда ағымдағы жылдың 27 шілдесінде Мойынқұм аудандық полиция бөлімінің «102» пультіне құрамында алтын бар кен тастарын жинаған азаматтар туралы хабарлама келіп түскендігі айтылған.




«Алтын өткізушілер кен тастарын жинаумен айналысып, оларды «УАЗ» маркалы үш автомашинаға тиеген. Тексеру барысында полиция қызметкерлері құрамында бағалы металл бар төрт қап кен тастарын тәркіледі. Іс бойынша сегіз күдікті ұсталды. Тәркіленген кен тастарына сот-химиялық сараптамасы тағайындалды»,-делінген ведомство хабарламасында.



Аталған факті бойынша ҚР ҚК 334-бабы 1-бөлігі негізінде сотқа дейінгі тергеу басталды.










Жоғары қарай