Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Митинг кезінде кездейсоқ ұсталу деген болмайды - полиция

2019 жылдың 4 шілде 2019 18:02 1052

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат  - Алматылық полиция департаменті азаматтарға санкцияланбаған митингтен аулақ жүру жөнінде кеңес берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қалалық полиция жақында экстремистік қозғалыстың санкцияланбаған митингіне қатысқаны үшін бірнеше адамды ұстады.

«Құқық қорғаушылар күдік туғызатын басқосуларға жиналмауды ескертеді. Бұл митингіге санкция берілмеген. Жай ғана өтіп бара жатқан адамдарға қауіп жоқ, әрине. Олар тек оқиға ортасында жүрмесе болды», - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Оның айтуынша, митингте кездейсоқ адам жүрмейді.

«Адамдар қалай осындай жағдайға түсіп қалады? Құқық қорғаушылардың ескертуіне қарамастан көп адам шоғырланған жолмен өтуге тырысады. Кездейсоқ адам бұлай істемесе керек. Егер кездейсоқ адам ұсталса, олардың жеке тұлғасын анықтаған соң біз азаматтардан кешірім сұраймыз», - деді С.Әзірбек.

Айта кету керек, бүгін полиция экстремистік қозғалысты насихаттағаны үшін бірнеше адамды ұстаған болатын.

 

 

 

Автор Гүлмира Ғосманәли
Басты сөздер: Заң, Алматы,
Жоғары қарай