Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 34 °С
валюта бағамы
USD 384.52
EUR 431.32
RUB 6.10
CNY 55.89

Мишель Платини жемқорлық жасады деген күдікпен қамауға алынды

2019 жылдың 18 маусым 2019 18:09 859

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - УЕФА-ның (Еуропа футбол қауымдастықтары одағы) бұрынғы президенті Мишель Платини 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізетін елді анықтау үшін өткен сайлауда сыбайлас жемқорлыққа жол берді деген күдікпен сейсенбі күні қамауға алынды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА The Telegraph-қа сілтеме жасап.

BBC News таратқан хабарларға қарағанда, Францияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің өкілдері 63 жастағы Платиниден жауап алған.

Мишель Платини 2007-2015 жылдар аралығында Еуропа футбол қауымдастықтары одағын басқарған. Бұл лауазымын ФИФА оны сегіз жылға футболдан шеттеткен соң тапсырған.

Оның қамауға алынуына - 2011 жылы ФИФА-ның есеп шотынан Платиниге 2 млн еуроға жуық ақшаның аударылғаны себеп. Ақшаны 1998-2015 жылдар аралығында ФИФА-ны басқарған Йозеф Блаттер аударған. Осы оқиғаға байланысты Блаттер де футболдан шеттетілген болатын.

Артынша Платини апелляция берген соң шеттетілу мерзімі қысқартылып, 2019 жылдың қазан айында аяқталуы тиіс еді.

Еске сала кетейік, футболдан 2022 жылғы Әлем чемпионатын өткізу үшін күресте Қатар 2010 жылы АҚШ, Аустралия, Оңтүстік Корея мен Жапонияны артта қалдырған болатын.

Платини де, Блаттер де өздеріне тағылған айыптың бір де бірін әзірге мойындаған жоқ.

 

 

 

Басты сөздер: Спорт, Әлем,
Жоғары қарай