Ауа райы
Астана -30 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 378.86
EUR 416.78
RUB 6.06
CNY 54.62

Министр Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасын дабыл бойынша көтерді

2019 жылдың 6 желтоқсан 2019 21:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қорғаныс министрі Нұрлан Ермекбаевтың Алматы гарнизонына жұмыс сапары барысында Десанттық-шабуылдау әскерлерінің бригадасы дабыл бойынша көтерілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ведомство ақпаратына сәйкес, әскери бөлім жауынгерлік даярлыққа келтірілген таңғы сағат 5.30-да жеке құрамның іс-қимылы, жауынгерлік техниканың белгіленген аумаққа уақытылы шығуы, бригада командирінің тапсырмаларды қоюы, сонымен қатар бөлімшенің үйлесімді әрекеті тексерілді. Аталған іс-шараны пысықтау барысында қорғаныс министрі офицерлердің біріне жеке құрамның қауіпсіздік шараларын қадағаламағаны үшін сөгіс жариялады.

Сонымен қатар Алматы гарнизонында әуе шабуылына қарсы қорғанысының жеке байланыс полкі мен бригадасының нысандары тексерілді. Көбіне байланыс техникалары мен автокөлік техникалары, бөлімнің қоймалары мен басқа да нысандары, сонымен қатар командалық пункттерде жауынгерлік кезекшіліктің ұйымдастырылуы назарда болды.




Арнайы мақсаттағы әскери бөлімге полковник Борис Керімбаевтің есімі берілгені және оның құрметіне ескерткіш тақтаның ашылуы жұмыс сапарының маңызды бөлігі болды. Салтанатты шарада әскери бөлімге Борис Керімбаевтің есімі берілгені әскери қызметшілерге жүктелген ерекше міндеттер кезінде жауапкершілікті сезінуге ынталандыру, сондай-ақ әскери қызметшілердің әртүрлі буынын борышқа, әскери ар-намыс заңдарына, жауынгерлік бауырластық пен халыққа қызмет етудің берік айғағы болып табылатыны айтылды. Шараға бөлімнің жеке құрамы мен басшылығы, Қарулы Күштердің ардагерлері және де полковник Керімбаевтің жұбайы қатысты.







«Бүгін менің қуанышымда шек жоқ. Әрине жоқтың орны толмас. Ол осы жерде сапта тұрған барлығы үшін нағыз ұстаз бола білді. Мен барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасыларыңызға амандық тілеймін. Жоғары жетістіктеріңізбен құттықтаймын», - деді Раиса Керімбаева.




Жоғары қарай