Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Мейрамбек Айнағұлов Токио Олимпиадасына барады

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 16:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада күрес түрлерінен өтіп жатқан әлем чемпионатында Мейрамбек Айнағұлов Токио Олимпиада ойындарының лицензиясын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

60 келі салмақ санатында боз кілемге шыққан қазақ палуаны бұған дейін Бразилия атынан сынға түсіп жүрген бұрынғы отандасымыз Марат Гариповты 2 минуттың ішінде жеңіп, ал ширек финалда хорваттық Иван Лизатовты 10-0 есебімен ұтты. Енді жартылай жиналда Мейрамбек ресейлік әлем чемпионы Сергей Емелинмен белдеседі.

Бұған дейін 77 келіде Асхат Ділмұхамедов Олимпиада жолдамасын иеленген болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада өтіп жатқан күрес түрлерінен әлем чемпионатанды балуандар жүлделі орындармен қатар келесі жылы өтетін 2020 Токио олимпиадасына жолдамаларды да сарапқа салады. Астанада спортшыларға 108 Олимпиадалық жолдама үлестіріледі. Жолдама 1-ден 5-орынға ие болған балуандарға беріледі. Біріншілік 22 қыркүйекке дейін жалғасады.


Автор Марлан Жиембай
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай