Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -7 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Месси өткен маусымдағы ең үздік голдың авторы атанды

2019 жылдың 9 тамыз 2019 21:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Еуропа футбол қауымдастығы одағы (УЕФА) испаниялық «Барселонаның» аргентиналық шабуылшысы Лионель Мессидің 2018/19-маусымында ұйымның қамқорлығымен өткізілген матчта англиялық «Ливерпульдің» қақпасына соққан голын үздік деп таныды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл туралы УЕФА-ның баспасөз қызметі мәәәлім етті.

Месси Чемпиондар лигасының жартылай финалының Ливерпульге қарсы (3:0) бірінші матчында айып добын соқты. Аргентиналық бұл марапатты соңғы бес жылда үш рет иеленді.

Екінші орынды италиялық «Ювентустың» португалдық шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасы топтық кезеңінің матчында ағылшындық «Манчестер Юнайтедтің» (1:2) қақпасына салған голы үшін алды. Үшінші орында португалдық Данилу тұр. Ол 2020 Еуропа чемпионаты іріктеу турнирінің матчында Сербия командасының қақпасына (1:1) доп салды.

Месси «Барселона» құрамында Испанияның он дүркін чемпионы, Испания Суперкубогының сегіз мәрте иесі, Испания Кубогының алты дүркін иесі, Чемпиондар лигасының төрт дүркін жеңімпазы, УЕФА Суперкубогының үш дүркін иесі және клубтық әлем чемпионатының үш дүркін жеңімпазы атанған. Сонымен қатар аргентиналық футболшы «Алтын допты» бес рет еншіледі.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай