Ауа райы
Астана -13 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 386.19
EUR 427.71
RUB 6.07
CNY 54.87

Мемлекеттік реформалардың тиімділігін бағалайтын орталық құрылады

2019 жылдың 27 ақпан 2019 12:28

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік бағдарламалардың тиімділігін ерекше бақылауға алуды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Бүгінде индустрия, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, денсаулық сақтау, білім және тағы басқа салалар бойынша мемлекеттік бағдарламар бар. Оған қыруар қаржы бөлінді. Соның бәрі жүзеге асатын болса, халықтың жағдайы түзеледі. Осыған байланысты "Нұр Отан" партиясы мен Президент Әкімшілігіне мемлекеттік бағдарламалар мен реформалардың тиімділігін бағалайтын орталықты құруды тапсырамын", - деді Н.Назарбаев "Нұр Отан" партиясының XVIII съезінде.

Президенттің айтуынша, аталған орталықта тоқсан сайын құзіретті мемлекеттік органдардың баяндамалары тыңдалады. Соның негізінде Мемлекет басшысына есеп беріледі. "Сөйтіп, тиісті қорытынды жасап, шешім қабылдаймыз. Тағы айтамын, барлық экономикалық бастамалар халықтың әл-ауқатын арттыруы шарт. Негізгі мақсат осы", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.

Айта кетейік, бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев көпбалалы отбасыларда әрбір баланың төлемақысын 21 мың теңгеге дейін арттыруды тапсырды. Бұдан бөлек, мүгедек балаларды асырап отырған отбасылардың жәрдемақысы 30 процентке өседі.

Жоғары қарай