Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Мемлекеттік мекеменің мөрін басқан ақтөбелік шенеунік жауапқа тартылды

2019 жылдың 20 наурыз 2019 05:26

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Шалқар аудандық әділет басқармасының штаттан тыс іс жүргізушісі А.Күзембаев «Шалқарлық бауырларға» деп құттықтау жазып, жұмысынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Әлеуметтік желідегі құттықтау бір адамды жұмыссыз қалдырды. Бұл жолы Шалқар аудандық әділет басқармасының штаттан тыс іс жүргізушісі А.Күзембаев «1 наурыз елімізде төртқаралар күні атап өтіледі» деп жазды. Кейін бұл құттықтау хатын WhatsApp арқылы бір топқа салып, хат бір сәтте әлеуметтік желіге жарияланған. ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттінің облыстық департаменті бұл жазбаға қатысты тексеру жүргізді.

«Шалқар аудандық әділет басқармасының жетекші маманы А.Күзбаев деп қол қойып, мөр басқан адам штаттан тыс іс жүргізушісі болып еңбек еткен. Ол осы ісінен соң өз еркімен жұмысынан кетті. Ал Шалқар аудандық әділет басқармасы басшысының міндетін атқарушыдан түсініктеме алынып, оған сөгіс жарияланды», - деді департаменттің баспасөз қызметкері Анар Тәңірбергенова.

Жоғары қарай