Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Мемлекеттік қызметшінің әдепсіздігіне қайда шағымдануға болады

2018 жылдың 18 қыркүйек 2018 22:37 143

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласындағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері қайда және қандай күндері қабылдайтыны жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат elorda.info сайтына сілтеме жасап.

Азаматтар ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің және «ҚР мемлекеттік қызметі туралы» Заңы талаптарының бұзылуына шағымдана алады.

Мемлекеттік қызмет істер агенттігінің Астанадағы Әдеп жөніндегі кеңес мүшелері және қабылдау жүретін орындар:

Байгенжин Абай Қабатайұлы - медицина ғылымдарының докторы, Ұлттық ғылыми медициналық орталығының басшысы. Абылай хан даңғылы, 42 (57-74-11 - қабылдау бөлмесі, 8-707-685-6737 - көмекшісі). Әр бейсенбі сағат 14:00 - 15:00 аралығында.

Тюгина Ирина Валерьевна - ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Шағын және орта бизнесті дамыту департаменті директорының орынбасары. Қонаев көшесі, 8, «Б» блогы, 2535-бөлме (91-93-52, 8-701-754-72-64). Әр сейсенбі сағат 16:00 - 17:00 аралығында.

Рахметуллин Дәулеткерей Рахметоллаұлы - «Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс» Республикалық қоғамдық бірлестігінің Астана қаласы бойынша филиалының директоры. Күйші Дина көшесі, 26/1, 4-қабат, 4-бөлме (36-18-72, 8-701-111-06-99). Апта сайын дүйсенбі - жұма аралығында сағат 11:00 - 13:00.

Сансызбаев Арыстанғали Қадырұлы - «Нұр Отан» партиясы Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстандық блогерлер Альянсының Астана қаласы бойынша өкілі. Кенесары көшесі, 25 (8-701-980-35-22, aristangali@mail.ru). Апта сайын дүйсенбі - жұма аралығында сағ. 15:00 - 17:00.

Сапаров Бақыт Аманжолұлы - «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. Тәуелсіздік даңғылы, 3, 2-қабат, 24-бөлме (36-85-14, 8-702-541-04-29, 8-777-641-68-89 - көмекшілері). Апта сайын жұма күндері сағат 16:00 - 17:00 дейін.

Есентаев Тастанбек Құтжанұлы - Астана қаласы кәсіподақ орталығының төрағасы. Абай көшесі, 38, 202-бөлме (21-61-50, 64-34-28, astana@fprk.kz). Әр сәрсенбі күндері сағат 16:00 - 17:00 дейін.

Түлкібаев Ален Аманжолұлы - Астана қаласының Кәсіпкерлер палатасының директоры. Достық көшесі, 18, «Москва» БО, 9-қабат, 903-бөлме (91-90-80, astana@atameken.kz). Әр бейсенбі күндері сағат 16:00 - 17:00 дейін.

 

 

 

 

Жоғары қарай