Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы 2 °С
валюта бағамы
USD 375.87
EUR 406.24
RUB 5.84
CNY 53.45

Мемлекеттік қызметшілердің Қытайға іссапармен баруына шектеу қойылды

2020 жылдың 29 қаңтар 2020 17:24

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Коронавирус ауруына байланысты Қазақстан Қытайға қатысты бірқатар шектеу қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Қазақстанның бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин айтып берді.

«Үкімет ҚХР аумағына туристік сапарларға шектеу қойды. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметшілердің іссапарларын шектеу туралы қаулы шығарылды. Барлық халықаралық спорттық шаралар, соның ішінде халықаралық теннис турнирі өтпейтін болды. ҚХР аумағына теміржол жолаушылар тасымалы тоқтатылды», - деді Ж. Бекшин Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Сонымен бірге, бас санитар дәрігер Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавируске қатысты ұстанымын жариялады. Оның айтуынша, ДДСҰ Қытайдың эпидемияның алдын алуға қабілетті екеніне сенімді.

«Халықаралық ұйым әлем елдеріне Қытайдан өз азаматтарын эвакуациялауға кеңес бермейді. Олар халықаралық қауымдастықты сабырлы болуға, оқиғаға шамадан тыс реакция көрсетпеуге шақырады», - деді Ж. Бекшин.


Жоғары қарай