Ауа райы
Астана -11 °С
Алматы -6 °С
валюта бағамы
USD 371.56
EUR 422.43
RUB 5.56
CNY 53.51

Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы тағайындалды

2018 жылдың 14 қараша 2018 17:42 654

АСТАНА. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының Жарлығымен Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі

«Ардақ Әшімбекұлы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы болып тағайындалсын», - делінген Жарлық мәтінінде.

Мемлекет басшысының басқа Жарлығымен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары Әзімхан Әлиханұлы Жүсіпов Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының міндеттерін уақытша атқарудан босатылды.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысының Өкімімен Ардақ Әшімбекұлы басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы қызметінен босатылды.

Мемлекет басшысының басқа Өкімімен Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының қауіпсіздігі қызметінің бастығы міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің Бірінші департаменті Үшінші басқармасының аға инспекторы Жасұлан Аманжолұлы Сәрсембайға жүктелді.

Жоғары қарай