Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 432.55
EUR 470.83
RUB 5.84
CNY 61.31

Мемлекеттік кірістер комитеті электронды салық төлеуші ретінде тіркелу кілтін беруді тоқтатты

2020 жылдың 26 ақпан 2020 10:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті жеке және заңды тұлғаларға электронды салық төлеуші ретінде тіркелу кілтін беру рәсімін тоқтатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат ведомствоға сілтеме жасап.

«Қазақстандықтар Ұлттық куәландырушы орталықтың электронды цифрлы қолтаңбасын «Электронды Үкімет» порталынан немесе тұрғылықты мекенжайы бойынша халыққа қызмет көрсету орталықтарынан алады. Ал бұған дейін берілген ҚР ҚМ МКК электронды салық төлеуші ретінде тіркелу кілті жарамсыз деп танылады», делінген хабарламада.

ҚР Ұлттық куәландырушы орталығы жеке тұлғаларға, заңды тұлғаларға, ҚР резиденті емес тұлғаларға электронды цифрлы қолтаңба мен SSL техникалық сертификатын береді. Айта кетейік, ЭЦҚ барлық мемлекеттік қызметкерлерге табысы мен мүлкі декларациясын тапсыру үшін қажет.

2020 жылдың 1 қаңтарына дейін 619 295 заңды және жеке тұлғада мемлекеттік кірістер органдарының электронды салық төлеуші ретінде тіркелу кілті болған.


Жоғары қарай