Ауа райы
Астана 1 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 388.70
EUR 428.70
RUB 6.08
CNY 55.46

Мемлекетке опасыздық жасаған Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды

2019 жылдың 15 қазан 2019 12:41

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Мемлекетке опасыздық жасап, 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесілген Константин Сыроежкин Қазақстан азаматтығынан айырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Алматы қалалық сотына сілтеме жасап.

«Алматы қаласының қылмыстық істер бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Константин Сыроежкин мемлекетке опасыздық жасады деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ сот оны Қазақстан Республикасының азаматтығынан айырды. Сыроежкин жазасын арнайы режимдегі қауіпсіздігі жоғары колонияда өтейді. Қылмыстық кодекстің 51-бабының негізінде негізгі жазаны өтегеннен кейін Константин Сыроежкиннің бес жыл мерзімге Қазақстан Республикасының аумағына кіруіне тыйым салынып, Қазақстан Республикасынан мәжбүрлі түрде шығарылады», - деп хабарлайды қалалық соттың баспасөз қызметі.

Айта кетейік, бұған дейін саясаткер мемлекетке опасыздық жасады деп танылып, 10 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Жоғары қарай