Ауа райы
Нұр-Сұлтан 20 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Мемлекетаралық іздеуде жүрген қылмыскер Көкшетаудан табылды

2019 жылдың 13 сәуір 2019 17:29 913

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Мемлекетаралық іздеуде жүрген СҚО облысының 44 жастағы тұрғыны Көкшетауда ұсталды,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысының ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, өңір полицейлері саяжайлар аумағында жүрген тұрақты мекенжайы жоқ тұлғаларды анықтауда.

2019 жылдың 1 сәуірінен бастап қолға алынған «Участок» жедел алдын алу шарасы барысында 2 мыңнан астам саяжай үйі тексерілді.

«Рейд кезінде жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері Көкшетау қалалық ПБ қабылдау орнына Зеренді бағытындағы тас жолдың бойында орналасқан саяжайдан 44 жастағы Солтүстік Қазақстан облысының тумасын жеткізді. Тексеріс кезінде ер адамның мемлекетаралық іздеуде жүргені анықталды», - деп мәлім етті ПД баспасөз қызметіндегілер.

Жалпы, «Участок» жедел алдын алу шарасы қолға алынған 12 күннің ішінде саяжай аумағынан тұрғылықты мекенжайы жоқ 28 адам анықталса, оның 12-сі Көкшетау қалалық ПБ қабылдау орнына жайғастырылды.

«Қазір Көкшетау қаласы аумағында 30-дан астам саяжай массиві бар болса, мұнда 19 760 үй орналасқан. Онда 280 адам (оның 65-і - бала) тұрақты тұрып жатыр», - деп толықтырды ведомстводан. 

 

 

Жоғары қарай