Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Мемлекет мал шаруашылығын субсидиялау бойынша берешекті толық өтейді

2019 жылдың 3 желтоқсан 2019 12:11

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Мемлекет шаруаларға мал шаруашылығын субсидиялау бойынша 36,8 млрд теңге берешек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Үкіметтің инвестициялық субсидиялар бойынша 28,5 млрд теңге сомасындағы борышты жабуға қолдау көрсеткеніне алғыс білдіргім келеді. Сонымен қатар, бізде мал шаруашылығын субсидиялау бойынша 36,8 млрд теңге сомасында берешек бар», - деді Сапархан Омаров.

Сондай-ақ, министр инвестициялық субсидиялар бойынша 11,7 млрд теңге сомасындағы борыш қалдығы бар екендігін атап өтті.

«Осы субсидияларға деген қосымша қажеттілік бірнеше жылдан бері жылдан жылға созылып келеді. Қолдауыңызды сұраймыз, өйткені бизнес мемлекеттік қолдауға сенім білдірді. Өздерінің бизнес-жоспарларында осы субсидияларға арқа сүйей отырып, агроөнеркәсіптік кешенге инвестиция салды», - деді ол.

Жоғары қарай