Ауа райы
Нұр-Сұлтан 22 °С
Алматы 28 °С
валюта бағамы
USD 384.05
EUR 432.79
RUB 5.96
CNY 55.46

Мемлекет басшысы жастардың барлық бастамасына қолдау көрсететінін жеткізді

2019 жылдың 27 сәуір 2019 17:57 830

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті «бір терезе» қағидаты бойынша жастарға қызмет көрсететін республикадағы алғашқы мекеме - Павлодар қаласындағы Жастар бастамаларын дамыту орталығына барды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды. 

Бұл орталық аймақ жастарына жұмысқа орналасу, мемлекеттік тұрғын-үй бағдарламаларына қатысу, кәсіпкерлікті дамыту мәселелері бойынша ақпараттық-консультациялық көмек көрсетеді. Жастарды құқықтық, психологиялық тұрғыдан қолдау және кәсіби бағдар беру - орталық жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Мұнда айына 2 мыңнан астам адамға қызмет көрсетіледі.  

Қасым-Жомарт Тоқаев жастарға айтқан сөзінде Тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап Елбасының өскелең ұрпаққа ерекше көңіл бөлгенін атап өтті. Мемлекет басшысы жастардың барлық бастамаларына қолдау көрсете беретінін жеткізді. 



null 

null 

null 

 

 

Жоғары қарай